КПО Қарашығанақ мұнай кен орны мен объектілер

1979 жылы ашылған Қарашығанақ мұнай кен орны - әлемдегі ең ірі газконденсатты кен орындарының бірі. Ол Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр, қабаттағы көмірсутектің бастапқы мөлшері (HIIP) 9 миллиард баррель конденсат пен 48 триллион текше фут газға бағаланады, ал жалпы қоры 2,4 миллиард баррельден астам конденсатқа және 16 триллион текше фут газға бағаланады.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – Роял Датч Шелл (29,25%), Эни (29,25%), Шеврон (18%), ЛУКОЙЛ (13,5%) және ҚазМұнайГаз (10%) бірлескен кәсіпорны.