Жаймұнайдың Чинарев кен орны мен объектілері

Кен орны Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында орналасқан. Чинарев кен орны Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 90 км жерде орналасқан. Кен орны 1991 жылы ашылды, геологиялық барлау мәліметтеріне сәйкес оның қоры 49 млрд текше метр табиғи газ мен 35 млн тонна мұнайды құрайды.

Чинарев кен орны Nostrum Oil & Gas компаниясының негізгі өндіруші активі болып табылады, кен орнын пайдалану «Жайықмұнай» ЖШС компаниясымен жүзеге асырылады, ол компания оның толықтай еншілес кәсіпорны. Сонымен қатар, Nostrum Oil & Gas Ростоши, Даринское және Южно-Гремяченское мұнай-газ кен орындарының 100% операторы және иесі болып табылады. Бұл барлау және игеру кен орындары Оралдың солтүстік-батысында Каспий маңы ойпатында және сәйкесінше Чинарев кен орнынан шамамен 60 және 120 км қашықтықта орналасқан.