Ақауларды жою бойынша қызметтер

«КИОС» ЖШС 2005 жылдан бастап ұңғымалардың тұтастығын басқару бойынша қызметтерді көрсетеді. КПО б.в. ұңғымалардың тұтастығын басқару бойынша Қазақстан Республикасында алғашқы әзірленген және сәтті қолданылған бағдарламалардың бірі «КИОС» ЖШС қатысуымен әзірленді. Негізгі қызметтерге мыналар жатады:


• Сағалық тығыздағыштардың гидравликалық сынауларын және су ағынының сынауларын жүргізу
• Құбыр сыртындағы ысырмаларының гидравликалық сынауларын жүргізу
• Бағана аралық құбыр сыртындағы кеңістікті толтыру және қысымды айдауды жүргізу
• Қысымды бақылау және деректерді жинау
• Қысымды түсіру бойынша операциялар
• Гравитациялық ығысу жүйесі
• Ұңғымалардың сағалық тығыздағыштарын қалпына келтіру үшін герметик айдау
• Сағалық қысымды бақылау және сынамаларды сұрыптау
• Ысырмаларды алу үшін тығынға арналған майлағышты пайдалана отырып, сағалық құбыр сыртындағы клапандарды ауыстыру
• Сұйықтық деңгейін анықтауға арналған ұңғымалардың эхометриялық талдағышы
• Қауіпсіздігіне ерекше талаптар қойылатын жабдықты тексеру және сынау