Дунга Тоталь Ақтау кен орны мен объектілері

«Дунга» мұнай-газ кен орны Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орнының геологиялық қоры 106 миллион тонна мұнай мен 6 миллиард текше метрден астам газды құрайды. Кен орны 1966 жылы ашылды. «Дунга» жобасы «Оман Ойл Компании Лимитед» пен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған 1994 жылғы 1 мамырда Өнімді бөлу туралы шарт (ӨБШ) бойынша жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта жобаға қатысушылар Тоталь Е энд П Дунга ГмбХ (60%), Оман Ойл Компании Лимитед (20%) және Partex Kazakhstan Corporation (20%), олар бірлесіп «Мердігер» деп аталады. Жоба операторы Тоталь Е энд П Дунга ГмбХ болып табылады.